ТҮРКІСТАН: АВТОРЛЫҚ ҚҰҚЫҚТЫҢ ҰҒЫМЫ ЖӘНЕ ҚАҒИДАЛАРЫ

 

 

Сайып келгенде, осы қағидалардың барлығы да келісім жасаудың еркіндігіне, азаматтардың және заңды тұлғалардың өз мүдделеріне қатысты шараларды анықтауына негізделеді. Азаматтық құқықтың ең жетекші бөлімдерінің бірі бола тұра, тек әлеуметтік – экономикалық салада ғана емес, сондай-ақ құқықтық қатынастардың бірқатарында авторлық құқықтың кеңінен көрініс беруі – оның аса күрделілігімен қатар, ауқымының кеңдігін де айғақтаса керек. Түркістан қаласы өнерге, өлеңге бай өңір. Шығармашылықпен айналысатын өнерпаздар көп ақ. Дегенмен авторлық құқықты толық біледі деген ұғым жоқ. Түркістан қаласының тұрғындары мен шығармашыл таланттары үшін керек кеңес айдарына авторлық құқық жайында мәліметтерді жариялағанды жөн көрдік. Сонымен қатар, біздің елімізде  шығармашылық жұмыстармен айналысуға  толықтай кепілдік берілгендігін атап өтейік.

Ол  Қазақстан Республикасының Негізгі  Заңы Конституциясының 20 Бабында:  «Сөз бен шығармашылық еркіндігіне  кепілдік беріледі. Цензураға тыйым  салынады» деп айқын тұжырымдалған.  Сондай-ақ, Қазақстан Республикасының  Азаматтық кодексінде мүліктік  қатынастар теңдігі тайға таңба  басқандай айқын көрініс тапқан. Мұнымен қоса азаматтық заңнамалардың  негізгі принциптері, олармен  реттелетін қатынастардың теңдігі,  кез келген меншік түріне қол  сұқпау, келісімдердің еркіндігі,  азаматтардың жеке ісіне араласуға  жол бермеу, азаматтық құқықтардың  кедергісіз жүзеге асыруын, бұзылған  құқықтарды қалпына келтіруді  қамтамасыз ету немесе сот  арқылы қорғау зор маңызға  ие. Сайып келгенде, осы қағидалардың  барлығы да келісім жасаудың  еркіндігіне, азаматтардың және  заңды тұлғалардың өз мүдделеріне  қатысты шараларды анықтауына  негізделеді. Азаматтық құқықтың  ең жетекші бөлімдерінің бірі  бола тұра, тек әлеуметтік – экономикалық салада ғана емес, сондай-ақ құқықтық қатынастардың бірқатарында авторлық құқықтың кеңінен көрініс беруі – оның аса күрделілігімен қатар, ауқымының кеңдігін де айғақтаса керек.

Ғылым, әдебиет және өнер туындыларын шығару және пайдалану  саласында соңғы үш жыл ішінде біздің қоғамымыздың құқықтық өмірінде елеулі өзгерістер болды. 1996 жылы 10 маусымда ҚР «Авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы» Заңның қабылдануымен, авторлық құқықтарды қорғаудың өзіндік әлемдік эталоны болып табылатын, әдеби және көркем туындыларын қорғау туралы Берн Конвенциясының талаптарына толықтай сәйкес келетін, авторларының құқықтарын қорғаудың өте жоғарғы сапасын көздейтін нормалардың жүйесі ретінде авторлық құқықтың қазақстандық жүйесінің қалыптасуы аяқталды. Себебі, жоғарғы құндылық болып табылған адам, оның құқықтары мен бостандықтарына қатысты мемлекет саясатының өзгеруіне байланысты, «мықты» заңды қабылдау туралы сұрақ бұрыннан қойылған болатын.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *