ТҮРКІСТАН: БІЛІМ САЛАСЫН ДАМЫТУ БАСТЫ НАЗАРДА

«Қазақ даласының ұлы ойшылы Әл-Фарабидің «Тәрбиесіз берілген білім – адамзаттың қас жауы» – деген сөзі бар. Оқушылардың бос уақыттарын тиімді ұйымдастыру мақсатында 2024-2027 жылдары халқы тығыз орналасқан аудан, қалалардан 2 Оқушылар сарайы мен 7 «Өнер» мектебін салу жоспарлануда.

Былтыр облыста жаз маусымында 17 жазғы сауықтыру лагерлерінде 23 207 бала бюджет есебінен тегін демалды. 1050 бала республикалық «Балдәурен» және «Бөбек» оқу-сауықтыру орталықтарына жіберілді. «Қазақстан халқына» Қоры есебінен облыста 3 390 бала жазғы сауықтыру лагерлерімен (Төлеби ауданында орналасқан «Қуаныш», «Көктөбе» лагерлерінде) тегін қамтылды. Қоғам талабын ескере келе облыс басшысы балалардың жазғы сауықтыруын сапалы ұйымдастыру үшін облыстық бюджеттен әр балаға бөлінетін қаржыны екі есеге, яғни, 30 мың теңгеден 60 мың теңгеге көтеруді, жалпы 1,4 млрд. теңге қаржы бөлуді тапсырды. Сонымен қатар облыстағы лагерлер желісін арттыру бойынша тиісті жұмыстар қолға алынып, қосымша 1 720 орынға арналған жаңадан 5 лагерді қайта құру және 4 лагерді күрделі жөндеуден өткізу жұмыстары қолға алынуда.

Жалпы, биылғы жылдың жаз мезгілінде  Түркістан облысында 31 сауықтыру лагері қызмет көрсетеді деп жоспарлануда. Оның ішінде 9-ы – мемлекеттік, 22-сі –жекеменшік. 1-3 маусым аралығында 10 лагерь санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің рұқсатын алып, жұмыстарын бастады. Барлық 31 жазғы сауықтыру лагерінің ашылуы маусым айына жоспарланған. Жазғы сауықтыру лагерлерінде балалар қауіпсіздігі үшін күзет агенттіктері қызмет көрсетеді және орналасу ауданына қарай полиция қызметімен бірлескен жұмыстар жүргізеді.

Айта кетейік, өңірде жалпы 70 мың бала  жазғы сауықтыру лагерлерінде демалады деп жоспарланған. Оның 50 мыңы бюджет есебінен болса, 20 мыңы ата-ана есебінен жіберіледі. Алғашқы онкүндікте жоғарыда аталған лагерлерде 2464 бала 1 ауысымға қабылданып, сауықтырылуда. Жаз бойы 6-8 ауысымда қызмет көрсетеді деп жоспарланған. Балалар әлеуметтік жағдайына байланысты бюджет есебінен тегін демалса, қалған оқушылар ата-аналар есебінен ақылы демалады. Сонымен қатар «Қазақстан халқына» қоры есебінен облыста жалпы 3421 оқушы жазғы сауықтыру лагерлерімен тегін қамтылады.

Балаларды қорғау және әлеуметтік қолдау

Облыста балаларды қорғау, әлеуметтік қолдау мақсатында нақты шаралар қабылданды. Балалар қауіпсіздігін қамтамасыз етуге 5,9 млрд. теңге қаржы бөлінді. Мектептерге 7 мыңнан астам бейнекамера орнатылып, полиция департаментінің жедел басқару орталығына қосылды. Мемлекеттік 938 білім беру мекемелері 100% дабыл батырмасымен қамтылып, жедел басқару орталығына қосылды. Бала саны 300-ден жоғары 573 білім беру ұйымдары толық лицензияланған күзет қызметіне өтті. Облыстағы 179 білім беру ұйымының 102 шақырым қоршауы жаңғыртылды. Мектепалды көшелерде жарықтандыру жүйелері мен арнайы жол белгілері орнатылуда.

Облыстағы бастауыш сыныпта оқитын 200 мыңға жуық бала бір реттік ыстық тамақпен қамтамасыз етілуде. Оған тиісті қаржы бөлінді.  Қазіргі таңда облыста 20 мектеп-интернаттағы тамақтандыру мәселесі мемлекеттік-жекешілік әріптесік шеңберінде оң жолға қойылып, асханалардың материалдық-техникалық базасы нығайды.

«Балалар жылы» аясында Мемлекет басшысының тапсырмасымен облыс мектептеріне лизинг тәсілімен «Өнеркәсіпті дамыту қоры» АҚ-ы арқылы 101 заманауи автобус алынды.Ауылдарға үгіт-насихат жүргізіліп, 15 мыңнан астам бітіруші ақысыз  оқуға түсті.

Облыстағы колледждер осы оқу жылына бөлінген 15 344 орын мемлекеттік тапсырысты толық игерді (мемлекеттікте – 11 514, жекеменшікте –  3 830). Өткен оқу жылында колледждерде 5890 мемлекеттік тапсырыс игерілмей қалған болатын. Бұл ретте өңірдегі «Жастар ресурстық орталықтары», колледж ұжымдары, білім бөлімдері елді мекендерді аралап, тиісті түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Нәтижесінде оқушылар тегін грантпен қамтылды.

Әкімдік тарапынан колледж студенттерінің сабаққа қатысуына тұрақты мониторинг жүргізілуде. Осы ретте, мониторинг жұмысын автоматтандыру мақсатында мемлекеттік 25 колледжге білім алушылардың сабаққа қатысуларын қашықтан қадағалау үшін FACE ID ақпараттық жүйесі орнатылды. 2023 жылы 8-ші Ұлттық WorldSkills Kazakhstan чемпионатына колледж студенттері 29 мамандық бойынша қатысып, 2 алтын, 3 күміс, 1 қола, 9 арнайы медальон жеңіп алды.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *