ТҮРКІСТАН: КӨШЕТТЕР САНЫН ҰЛҒАЙТУ БОЙЫНША ЖҰМЫСТАР АТҚАРЫЛУДА

Мемлекет басшысының қазақстандықтарға арнаған 2020 жылғы 1 қыркүйектегі Жолдауында алдағы 5 жылда республиканың орман қоры жерлеріне 2 млрд. және елді мекендер аумағына 15 млн. түп ағаш көшеттерін егу тапсырылған болатын. Осыған орай Түркістан облысының орман қоры аумағына 2021-2025 жылдар аралығында 170 млн. түп көшет егу бойынша Экология министрлігімен «кешенді жоспар», ал, елді мекендерге 1,1 млн. түп көшет егу бойынша «аймақтық жоспар» келісіліп, бекітілген. Сәйкесінше, жоспар бойынша 2021-2023 жылдар аралығында 51,6 мың гектар жерге 78 млн. түп көшет егіліп, жоспар орындалыпты. Бұл туралы баспасөз жиынында облыстық табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының басшысы Қайрат Абдуалиев мәлім етті.

Оның айтуынша, облыс әкімінің тапсырмасына сәйкес өңірдегі елді мекендерді көгалдандырудың 2022-2024 жылдарға арналған жоспары да бекітілген. Осы ретте облыстағы 852 елді мекеннің 90 пайызын көгалдандыру үшін 4 млн. түптен аса көшет отырғызу жоспарланып, бүгінде тиісті жұмыстар атқарылып жатыр екен.

Бүгінде бұл бағытта Түркістан, Арыс қалалары мен Созақ, Қазығұрт, Келес аудандарында өнімді жұмыс атқарылып жатқан көрінеді. Оған қоса қосымша көгалдандыру жұмыстарын атқару үшін жергілікті бюджеттен қаражат бөлу және инвесторлар тарту қолға алынған. Одан бөлек, басқармаға қарасты орманшылар Ресей, Өзбекстан елдері мен басқа да облыстарға тәжірибе жинақтауға барған, көшет түрлерін көбейту мақсатында өңірге мамандар тартылып жатыр.

– Облыс көлеміндегі орман питомниктерінің көлемі – 253 гектар. Оның 14-і типтік заманауи нысан. Мәдени орман алқабына егілетін көшеттер дайындауға аумағы 350 гектарды құрайтын 10 уақытша питомник жасақталып, 35 млн. түптен астам ағаш көшеттері өсірілуде. Көшеттер санын 50-60 миллионға жеткізу жоспарланып отыр, – деді басқарма басшысы.

Қазіргі таңда тұрмыстық қатты қалдықтарды қайта өңдеу әлемдік деңгейдегі мәселелердің бірі болып отыр. Осыған орай былтыр өңірде 103 181 тоннаға жуық қалдық жинақталып, оның 23 734 тоннасы қайта өңдеуге бағытталған. Осылайша қайта өңдеу көлемі 23 пайызды құрап, жоспар толығымен орындалыпты. Ал, биылғы жылдың алты айында 46 128 тонна қоқыс жинақталса, оның 10 905 тоннасы қайта өңдеуге жіберіліп, көрсеткіш 23,6 пайызға жеткен. Жылдық жоспар 26 пайызды құрайды. Сонымен қатар былтыр арнайы ғарыштық түсірілім арқылы өңір аумағындағы 414 заңсыз қоқыс алаңы анықталып, жыл соңына дейін олар толық жойылған. Биылғы алты айда мұндай полигондар саны 41-ге жетіп, бүгінге дейін отызы ретке келтірілген.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *